2022 жылғы 2 маусымда «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Қазақстанның халал индустриясын техникалық реттеу мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Отырыста келесі өзекті мәселелер талқыланды: E-CTRM техникалық реттеу ақпараттық жүйесін іске қосу, қазақстандық компаниялардың араб елдеріне халал өнімдерін экспорттауы, техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңестердің жоқтығы және басқа да көптеген мәселелер.
Бүгінгі күні халал сертификаттау Қазақстан Республикасында ерікті қызмет болып табылады және заңнамалық деңгейде реттелмеген. Осыған байланысты бұл нарықты бақылауда қиындықтар бар.
2005 жылдан бері Қазақстандағы халал индустриясының негізін қалаушы бола отырып, АХИК үкіметтің осы нарықты құрылымдау жөніндегі бастамасын әрқашан қолдайтын болады.
Қазіргі таңда «Қазақстан халал индустриясы қауымдастығы» ALE Халықаралық халал сертификаттау органдарының альянсы (International Halal Integrity Alliance) жүйесіне енгізілген және JAKIM (Малайзия) жүйесінде танылған. АХИК осы кездесу ұйымдастырушыларына және әріптестермен көкейкесті мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді!