ЗТБ «Қазақстанның Халал индустриясы Қауымдастығы», "МАКСИМАЛЬНЫЙ РАЗМАХ" ЖШС –іне бұрын берген Халал сертификатының КҮШІ ЖОЙЫЛҒАНЫ туралы хабарлайды.
Себебі : "Тартылған ет" , "Кебаб" аталатын өнімдерінде шошқа етін қолдану - Халал стандарттарын өрескел бұзу деп саналады. "МАКСИМАЛЬНЫЙ РАЗМАХ" ЖШС-не бірнеше мәрте сұрау салу, шарт бойынша міндеттемелердің сақталуын растайтын құжаттық және мультимедиалық материалдарын ұсыну қанағаттандырылмады.
Осыған байланысты тұтынушылардан өндірушілердің Халал сертификатының қолданылу мерзімін тексеруді немесе http://halal-kz.kz сайтында "Кәсіпорындар"бөлімінде өздігінен тексеруді сұраймыз.
Сондай-ақ, әрбір сертификатқа Қосымша парағы тіркеледі, онда сертификатталған өнімнің нақты тізбесі көрсетіледі.